22 мамыр: Ел тарихында орын алған оқиғалар
2010 жылы Венада жыл сайынғы Еуропалық қазақтар құрылтайы өтті, соның аясында «Абай» қазақ-австриялық қоғам көрмесі ашылды. Еуропалық қазақтар федерациясының жиналысы өтті. Шараға Австрия, Германия, Ұлыбритания, Швейцария, Дания, Франция, Норвегия, Нидерланды, Түркиядан қазақ диаспорасы өкілдері, сондай-ақ Австрияның ресми тұлғалары қатысты.
2012 жылы ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвестолар кеңесінің 25-ші пленарлық отырысы басталды.
2012 жылы Нью-Йорктың орталық көшелерінде түркі халықтарының жыл сайынғы шеруі өтті. Қазақстандықтар бұл шараға алғаш рет қатысты. Шеру оның қатысушылары - туыстас халықтар өкілдеріне өздерінің Туларын ұстап өтіп, ұлттық киімдерін көрсетуге мүмкіндік берді. Қазақ диаспорасының, студенттер мен және Бас консулдық өкілдері шерудің басқа қатысушыларымен бірге Біріккен Ұлттар Ұйымының ғимаратына дейін он бес блоктан бірге өтті. Кейін бұл жерде түркі халықтарының жас орындаушыларының қатысуымен концерт өткізілді. Шеру алып қаланың күнделікті өміріндегі үлкен шараға айналып, оның көптеген тұрғындары мен қонақтарының назарын аударды. Қазақстандық қатысушылар Нью-Йорк жұртшылығының Қазақстанмен жақынырақ танысуы үшін аталмыш шараға үнемі қатысуға дайындығын білдірді.
2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ғалымдарға арналған әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты тағайындады. Ол жыл сайын 7 аталым бойынша тапсырылады. Бірінші сатыда сыйақы көлемі 100 мың АҚШ долларын құрамақ және оның сомасы бұдан кейін артатын болады.
2014 жылы VII Астана экономикалық форумы аясында ЕурАзЭҚ бас хатшысы Таир Мансұров «Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірде жүзеге асқан еуразиялық жобасы. Еуразиялық жобаның 20 жылдығына» атты кітабы таныстырылды. Кітапта еуразиялықтың философия мәселесі егжей-тегжейлі жазылып, Н. Назарбаевтың Еуразиялық жобасының негізгі аспектілері қаралды, посткеңестік мемлекеттердің экономикалық интеграциялануының негізгі кезеңдері: Еуразиялық экономикалық қоғамдастық, Кеден Одағын, Бірыңғай экономикалық кеңістік, келешекте - Еуразиялық экономикалық одақ құру мәселелері қамтылды.