Әскерге шақырылушыларға дәстүрлі дін жайында айтылды

Жиында орталықтың теолог маманы Қожахмет Кеңесбеков жас отан қорғаушыларға жат ағымдардың теріс идеологиясы жайында әңгімелеп, олардан сақтану жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, дәстүрлі дін жайлы кеңінен ақпарат беріп, ұлттық салт-дәстүр жайлы кеңінен сөз етті.
Облыстық дін орталығы қызметкерлері жыл басынан бері 8 рет жиын пункітіне барып, кездесу өткізген. Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, мамандар әскерге шақырылушылармен ұдайы кездесіп, оларға деструктивті діни ағымдардан сақтану шаралары жайы түсіндіреді.