Жасөспірімге күш қолданбақ болған әйелге қатысты іс қозғалды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында жасөспірімге күш қолданбақ болған мас әйел сол жерде қолға түсті, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған оқиға 16 мамыр күні кешкі сағат 20:40 шамасында орын алған. Жасөспірімге күш қолданбақ болған әйелдің іс-әрекеті бейнекамераға түсіп қалған. Онда әйел подьезге кірген жасөспірімнің сөмкесін тартып алуға әрекет жасайды. Дегенмен оны тұрғындар ұстап, сол кезде тәртіп сақшыларының қолына тапсырған.

«Аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3 бөлігі және 191 бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп мәлім етті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.