ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚХР 32 АЗАМАТЫН ҰСТАДЫ
Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында Қызылорда қаласында мұнай компанияларының бірінде ОІІД-нің Көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлерімен арнайы шолу жүргізу барысында Қытай Халық Республикасының 32 азаматы ұсталды.
Тексеру барысында, Қытай Халық Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасына өткен жылдың қыркүйек айында іссапар мақсатында келіп, ішкі істер органдарына 2015 жылдың 17 ақпанына дейін Қызылорда қаласында уақытша тіркеуге тұрып, алайда өздері ішкі істер органдарын хабардар етпей, облыстағы мұнай компаниялардың бірінің кен орнында болғандығы анықталды.
Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзу дерегі бойынша оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылып, сот қаулысымен олардың әрқайсысына 15 АЕК мөлшерінде айыппұлдар салынды.
Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі