Тәуелсіз байқаушылар тренингтен өтті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордада тәуелсіз байқаушыларға арналған тренинг басталды.
Саяси науқанға мониторинг жүргізетін «Аманат» азаматтық платформасының сырбойылық штабы тəуелсіз байқаушыларға арналған тренингті бастап кетті. Аймақтағы алғашқы тренинг Жалағаш және Шиелі аудандарында өткізілді. Тәуелсіз байқаушыларды оқыту жұмыстары Қазалы, Арал аудандарында жалғасын тапты.
Аудандарда сайлаудың əділ өтуіне байқаушы боламын деген белсенділер тренингке белсенді түрде қатысты. Олар сайлауға қатысты сауалдарын қойып, тəуелсіз байқаушылардың құқықтары мен міндеттері туралы толық мағлұмат алды.
Тренинг барысында байқаушылар жарқын болашақ үшін халықтың аманатын арқалап отыруға дайын екендіктерін жеткізді.
Алдағы Президент сайлауына дейін «Аманат» азаматтық платформасының облыстық штабы мобильді капитандары 400-ге жуық байқаушыға арнайы тренинг өткізетін болады. Белсенді азаматтар бас қосқан жиын мықты Қазақстан үшін жалғасын таппақ.