Қызылодалық 4 дәрігер тұрғын үй сертификатына ие болды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордалық 4 дәрігерге тұрғын үй сертификаты табысталды.
Қарағандыда медицина қызметкерлері арасында республикалық Жастар форумы болып өтті. Шараны "Senim" Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподақтар республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Форумға республиканың 14 облысынан медицина саласындағы жастар жиналды.
Сарыарқа төрінде өткен шараға Сыр өңірінен 11 ақ халатты абзал жан қатысқан болатын.
Форум барысында үздік қызметкерлерге тұрғын үй сертификаты тағайындалды. Бұл сертификатқа қызылордалық Айгүл Ағымбаева, Мұңлық Сағидатова, Айгүл Тоқпанова, Асхат Төлепов ие болды.