Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қала әкімінің 2019 жылдың 20 мамырындағы Өкіміне сәйкес, бұған дейін қала әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келген Мира Қазбекова қала әкімінің әлеуметтік-саяси жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласы бойынша 2018 жылдың қорытындысымен «Үздік мемлекеттік қызметші» номинациясына ие болды.
Қала әкімі аппаратының ұжымы Мира Жомартқызының жаңа қызметіне сәттілік тілейді.