Жастарға жаңа мүмкіндік
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 2018 жылдағы жетістіктің бірі – «Жас проджект» жобасын тиімді жүзеге асырып, кәсіпкерлікке ниетті, бірақ, қаржы көзін таппай жүрген жастар қолдау тапты.

Жаңақорған ауданы әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа сатысына көтеріліп, еліміздің озық отыз елдің қатарына қосылуда лайықты үлес қосып келе жатқанын көрсетеді. Мұндай игілікті істе біздің азаматтардың біліктілігі де, белсенділігі де жетеді. Оған қоса, табиғи ресурстың сан алуандылығы мен кәсіпкерлік саласының серпіні артықшылық деуге болады.