Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 21 мамырға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Пайдасы тиетін маңызды шаруамен айналысқаныңыз жөн. Сіз жұмысты мықтап қолға аласыз. Бұл іс-әрекетіңіз көпшілікке ұнайтын болады. Сондай-ақ сізге көмектесетін жандар да табылады.
Торпақ
Жұмыста аздаған өзгерістер болуы мүмкін. Сіздің еңбегіңізді бағалайтындар бар. Сонымен қатар басшылық тарапынан жақсы ұсыныс түсуі мүмкін. сіз бұл ұсыныстан бас тарта алмаймыз.
Егіздер
Сіз біраз адамға ұнайсыз, тиісінше сізге де ұнайтын жандар бар. Сіздер бір-бірлеріңіздің ойларыңызды біліп, пікірлесетін боласыздар. Достарыңызбен сапарға шығатын болсаңыз, жолыңыз болады.
Шаян
Сауда-саттық жасауға асықпаңыз. Қалтаңыздың қалыңдығына сеніп, біраз қажетсіз заттарға қаражат жұмсап алуыңыз мүмкін. Бұл бұйымдардың дәл қазіргі уақытта сізге қажеті шамалы. Несие алмауға тырысыңыз.
Арыстан
Маңызды істерге көңіл бөлу қиынға соғады. Сіздің ойыңызды бөлетіндер көп. Олар ақыл-кеңес айтып, өтініш жасап, түрлі сауалдар қойып мазаңызды қашырады. Сіз ешкімнің көңілін қалдырғыңыз келмейді.
Бикеш
Бүгін сізді жақсы жаңалықтар мен тосынсыйлар күтіп тұр. Мұның барлығы жұмыс немесе кәсібіңізге байланысты болуы мүмкін. Мәселен, қысқа уақытқа арналған іскерлік әріптестік орнатып, жұмысыңызды жандандыруыңыз мүмкін.
Таразы
Күніңіз қызықты өтеді. Бүгін орын алатын жағдайлар өміріңізді түбегейлі өзгертуі мүмкін. Ол үшін сіз барлық жауапкершілікті өз мойныңызға алып, нақты шешім қабылдауыңыз қажет. Өзіңізге сеніңіз.
Сарышаян
Күннің алғашқы жартысы жұмысыңыз көп болады. Уақытыңыз санаулы. Көптеген сауалдарға жауап табу сіз ойлағаннан да қиын болмақ. Мұндайда өзге біреуден көмек сұрап, оның тәжірибесіне жүгінгеніңіз жөн.
Мерген
Бүгінгі күн жақсы жаңалықтарымен, жағымды кездесулерімен қуантатын болады. Достармен басқосу сізге күш беріп, кейбір кедергілерден өтуге көмектеседі. Келіссөздер жүргізу, ірі көлемде зат сатып алуда жолыңыз болады.
Тауешкі
Түске дейінгі уақытыңызды айналаңыздағы адамдарға арнаңыз. Сонымен қатар жұмыста алға қойған мақсатыңызға жету үшін не істеу керек екенін ойланғаныңыз жөн. Өзіңізді жақсы қырынан танытуға тырысыңыз.
Суқұйғыш
Сіз өзіңізге не қажет екенін білесіз. Мақсатқа жетудің төте жолында таптыңыз. Тек сол жолдан өту ғана қалды. Бүгін қалтаңыз қомпаяды. Алдымен ақшаны қайда жұмсайтыныңызды жазып алыңыз, әйтпесе босқа шашылуы мүмкін.
Балықтар
Барлығы оңай болмаса да, табысқа жетуге мүмкіндік бар. Ішкі эмоцияңызды басқарып үйреніңіз. Ашуға булықпаңыз. Бәсетсіп босқа уақыт жоғалтпаңыз. Өз өміріңізге өкпе айтып шағымданбаңыз.