20 мамыр күні Қазақстанның бірқатар аймақтарында жауын жауады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Дүйсенбі күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, түнде Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін, Қарағанды облысында тұман түседі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с артады.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшеюі ықтимал.
Қостанай облысында кей жерлерде найзағай, тұман күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысында кей жерлерде найзағай, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с артады.
Жамбыл, Түркістан облыстарында таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Павлодар облысының кей жерлерде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні 18 м/с артады.
Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде үсік күтіледі 1-3 градус.
Қызылорда, Түркістан облыстарында кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.