Қызылордада 200 отбасыға көмек көрсетілді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қасиетті айда Сыр еліне арнайы сапармен келген ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти, Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы Алау Әділбаев «Рамазан – мейірімділік айы» қайырымдылық акциясына қатысты.
«Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің арнайы тапсырмасымен бастау алған қайырымдылық шараларының негізгі мақсаты – берекелі айда мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетіп, қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты насихаттау», - дейді ҚМДБ-ның наиб мүфти Алау Әділбаев.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты қала мешіттері және «Зекет» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткізілген шарада қала мешіттеріне тіркелген әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 200 отбасыға азық-түлік үлестірілді.
ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі Өкіл имамы Болатбек Әбуов қасиетті айдың құрметіне ұйымдастырылған мейірімділік акциясының жұма сайын өткізіліп жатқанын және де өз жалғасын таба беретінін хабарлады.