Аңғал әке балабақшадан байқамай біреудің баласын алып кеткен
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Коми республикасының тұрғыны балабақшадан бөтен біреудің қызын алып кетті. Ол қателескенін үйіне келгенде бір-ақ білген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ер адам Усть-Вымский ауданындағы "Сказка" балабақшасына келеді. Ол 6 жастағы қызды өзінің баласы екен деп, көлікке отырғызып әкеткен. Үйіне жеткен соң, баланың өзінікі емес екенін біліпті.
Ол екі арада балабақша меңгерушісі полицияға арызданып үлгерсе керек. Бірақ аңғал әке кішкентай қызды тәрбиешілерге бірден алып келеді.
ІІМ хабарлағандай, ер адам сау болған, құқық қорғау органдары оған қарсы ешқандай шара қолданбады.