Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Синоптиктер ауа райының бұзылуына қатысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
18 мамырда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді.
18 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында таңертең және күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
18 мамырда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы жерлерінде қатты нөмер жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Шымкент қаласында 18 мамырда таңертең және күндіз найзағай жарқылдайды, бұршақ жауып, оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Түркістан қаласында 18 мамырда күндіз найзағай ойнайды, бұршақ жауады, оңтүстік-батыстан соғатын екпіні 15-20 м/с жел күтіледі.
18 мамыр күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл, шаңды дауыл соғады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
18 мамырда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен cоғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.
Сол күні күндіз Өскемен қаласында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
18 мамырда күндіз Семейде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.
18 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, солтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с күтіледі.
Қостанайда 18 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.