«Ақмешіт жастары» жастардың басын қосты
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Бүгін сол жағалауда орналасқан «Жастар ресурстық орталығында» «Ақмешіт жастары» газетінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт жастары» достарын шақырады» атты форум өтті.
Өңір жастары бас қосқан жиынды «Сыр медиа» ЖШС-нің бас директорының орынбасары Марат Аралбаев ашты. Бас қосуға облыстық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Абылайхан Сабанбаев, облыстағы өзгеде аудандардың «Жастар орталықтарының» директорлары және студенттер мен белсенді жастар қатысты.
«Газет аптасына 2 рет шығады. Бұған дейін 12 бет болып шыққан басылым қазір Д2 форматына көшті. Айына бір рет оқырманға ұсынылатын 40-қа жуық бет, 150-ден аса айдар бар. Сонымен қатар әр ауданға кураторлар бекіттік. Олар аудандардағы жастар ресурстық орталықтарының мамандарымен бірге жұмыс істейтін болады», – деді газет редакторы Айжан Абдуллаева.
Форумға қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті. Мұнан кейін аудандардан келген ресурстық орталықтардың директорларын «Сыр медиада» орналасқан газет ұжымдарымен таныстырды.
Айта кетейік, БАҚ-тағы жастар тақырыбының негізгі бағыты олардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, білім, жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктер, кәсіпкерлік, талантты қолдау, оларды замандастарына үлгі ету және жастар бірлестіктерінің жұмысын насихаттау деген сан саланы қамтиды. Тақырыбы сан алуан республикалық не облыстық деңгейдегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік, мәдени-әдеби – қай басылым болса да бір нөмірде, тіпті айлық жоспардың өзінде қамти алмауы мүмкін. Бірақ арнайы жастар бағытындағы газет-журнал апталық, айлық шығарылымында толыққанды қамтуға жеткілікті мүмкіндікке ие.