«Жолдағы қабылдау» акциясына 500-ге жуық өтініш түсті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылордада республикалық «Жолда қабылдау» акциясының келесі кезеңі басталды.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің дерегінше «Жолда қабылдау» акциясы облыс орталығында Өсербаев пен Айтеке би көшелерінің қиылысында, КБИ мөлтек ауданының орталығында және Тасбөгет кентінің Орталық алаңында өтіп жатыр.
Мобильдік қабылдау кезінде тұрғындарға электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтердің қолжетімдігі, онлайн режимде айыппұлды төлеу, тәртіп сақшыларының заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы құқықтық кеңестер беріліп жатыр.
4 сағат ішінде мамандардан 500 - ге жуық облыс тұрғындары кеңес алды.
Сонымен қатар, облыс және қала тұрғындары департаменттің әлеуметтік парақшалары және де «жедел желі» арқылы толғандырған сауалдарын жолдай алады.