18 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар
Халықаралық мұражайлар күні
1977 жылдан бастап жыл сайын әлемнің 150-ден астам елінде аталып өтеді. Осы күні барлық мұражайларда ашық есік күні өтеді. Қазақстанда 224 мұражай бар.
1996 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев ақын Олжас Омарұлы Сүлейменовке «Қазақстанның Халық жазушысы» куәлігін және төсбелгісін табыс етті.
1977 жылдан бастап жыл сайын әлемнің 150-ден астам елінде аталып өтеді. Осы күні барлық мұражайларда ашық есік күні өтеді. Қазақстанда 224 мұражай бар.
1996 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев ақын Олжас Омарұлы Сүлейменовке «Қазақстанның Халық жазушысы» куәлігін және төсбелгісін табыс етті.
2006 жылы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға туралы «Әлия ғұмыр: ерлік пен өнеге» атты жаңа кітап жарық көрді.
2010 жылы «M.A.R.I.D.I.» компаниясының мамандары қазақ тілін үйренуге арналған таптырмас бағдарламаны жасап шықты.
Бағдарламаның лексикалық қоры 13 700 сөз және 8 000 фразадан құралған. Оның ауызекі сөйлеуді үйренуге арналған бөлімі, бизнес терминдерінің кеңейтілген сөздігі, бухгалтерия және іс жүргізуге мамандандырылған бөлімі бар. Еуропаның «M.A.R.I.D.I.» компаниясы - шет тілдерді жылдам үйретуге арналған кәсіби ІТ-шешімдер жасау бойынша алдыңғы қатарлы компаниялардың бірі.
2012 жылы ҚР Ұлттық банкі құны 2012 жылғы дизайны өзгертілген 10 000 теңгелік банкнотаның айналымға шығарылғанын хабарлады.
2017 жылы Мемлекет басшысы Н. Назарбаев актер, режиссер Асанәлі Әшімовке «Қазақстанның Еңбек ері» атағын табыс етті. Нұрсұлтан Назарбаев өз атынан және мемлекет атынан А. Әшімовті құттықтап, оның театр мен кинодағы табысты еңбегін атап көрсетті.
1936 жылы 18 мамырда Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі, ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы, ядрорлық сынаққа қарсы «Семей-Невада» қозғалысының, Халық конгресі партиясының көшбасшысы, Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан комсомолы, БЛКЖО сыйлығының лауреаты, Татарстан Республикасының Ш.Маржани атындағы Тарих институтының құрметті докторы СҮЛЕЙМЕНОВ Олжас дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің география факультетін бітіріп, М.Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған. «Казахстанская правда» газеті редакциясының бөлім меңгерушісі, «Қазақфильм» киностудиясы сценарий-редакциялық алқасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Қазақ КСР Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстанның Италиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін атқарған. Ол өз туындыларын орыс тілінде жазады. Өлеңдері мен поэмаларының алғашқы жинағы 1961 жылы «Арғымақтар» деген атпен жарық көрген. Оның сценарийі бойынша «Атамекен», «Көгілдір маршрут», «Қыс - қолайсыз маусым», т.б. фильмдер түсірілген. «Аз и Я», «Жазу тілі» атты тіл біліміне қатысты зерттеулері, «Нұрлы түндер», «Мешін жылы», «Көңіл көкжиегі», «Әр күн - арайлы таң», «Ақ дария аспаны», «Жұмыр жұлдыз», «Шапағатты шақ», «Атамекен», т.б. жинақтары шыққан. І дәрежелі «Барыс», Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі», Қазан революциясы ордендерімен, медальдармен марапатталған.