Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 18 мамырға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Өз ісіңізге мығымсыз. Сондықтан жұмыста қысқарып қаламын деген ойдан аулақ болыңыз. Егер басыңыз бос болса, екінші жартыңызды жолықтырасыз. Ал отбасылы болсаңыз бүгін өмірлік серігіңіз таңқалдыратын болады.
Торпақ
Қоғамда орын алып жатқан мәселелерге бас қатырасыз. Адамдардың құқықтары мен міндеттері, еңбек құқығын қорғау туралы мәселелер сіздің жаныңызға батады. Белсенді болыңыз.
Егіздер
Достарыңыздың арқасында үмітіңіз ақталады. Серіктестермен бірігіп жұмыс жасау өз пайдасын әкеледі. Өз күшіңізге сеніп, өзіңізді жоғары бағалаудан сақтаныңыз. Бұл мақсатқа жетуге кедергісін келтіруі мүмкін.
Шаян
Мақсатқа жету оңай емес, бірақ табандылық танытар болсаңыз ойыңыздағы орындалады. Есіңізде болсын, бүгін тек өзіңіз сенетін адамдарға ғана сенім артыңыз. Әйтпесе, әлдекімдер алдап кетуі мүмкін.
Арыстан
Бұрын атқарған жұмыстарыңыздың жемісін көресіз. Үй салу немесе отбасы құруды жоспарласаңыз, барлығына мұқият болыңыз. Мақсатқа жетуге нық қадам бассаңыз, өзгелердің қызғанышын тудыратындай әрекет етпеңіз.
Бикеш
Жұмысыңыз бірқалыпты. Жақындарыңызбен қарым-қатынасыңыз жақсарады. Жоспарланған барлық істі атқаруға мүмкіндігіңіз артады. Әріптесіңізбен қарым-қатынасты бұзып алмаңыз.
Таразы
Арманыңызға жетуге бірнеше ғана қадам қалды. Сәттілік серігіңізге айналғалы тұр. Сондықтан тез шешім қабылдағаныңыз жөн. Нағыз бақытты күндерге қарай жақындап келесіз.
Арманыңызға жетуге бірнеше ғана қадам қалды. Сәттілік серігіңізге айналғалы тұр. Сондықтан тез шешім қабылдағаныңыз жөн. Нағыз бақытты күндерге қарай жақындап келесіз.
Сарышаян
Кәсіби тұрғыда біліктілігіңіз артады. Жұмыста өз құзыретіңізді толық пайдаланасыз. Бүгін тіл табыса алмай жүрген адаммен ымыраға келесіз. Өзіңіз ақылға қонымды мінез-құлық танытсаңыз, жолыңыз әркез болады.
Мерген
Қосымша табыс тауып, материалдық жағдайыңызды жақсартасыз. Маңызды шаруаларға білек сыбана кірісіңіз. Тез шешім қабылдауға тырысыңыз. Бүгін сіз көп еңбектенуіңіз қажет.
Тауешкі
Бүгін тек өз дегеніңізбен жүресіз. Бірақ жағымсыз тұстарыңызды жұртқа аңғартып қоюыңыз мүмкін. Мәселен, тез ренжіп қалу, ұсақ-түйекке мән беру сынды жағымсыз мінезіңіз айналаңыздағыларға ыңғайсыз көрінеді. Көп ашуланбаңыз.
Водолей
Демалыс күні болса да, уақытыңыз тығыз, жұмысбасты боласыз. Бұл жақындарыңызға, отбасыңызға мүлде ұнамайды. Отбасыңыздағы үлкен кісілермен ара-қатынасыңыз қиындай түсуі мүмкін.
Балықтар
Тәуекелге бел буып жұмыс жасайсыз. Соның арқасында табысты болып, еңбегіңіз елеусіз қалмайды. Басшылық сыйақы тағайындайтын болады. Кәсіби біліктілігіңізді арттыратын боласыз.