Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 17 мамырға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Бір орындап тоқтап қалуға болмайды. Мақсатқа қарай қадам басу қажет. Сіздің материалдық жағдайыңыз жақсы, дегенмен оны адан әрі ұлғайтуға болады. Бизнес-жоспар құрып, кәсіп бастауды қолға алыңыз.
Торпақ
Жинақтаған қорыңызды сақтай білесіз. Ақшаны ұқыппен жұмсау сіздің қолыңыздан келеді. Сондықтан материалдық қиындық көрмейсіз. Қосымша табыс көзін табасыз. Қаражатыңызды жылжымайтын мүлікке салыңыз.
Егіздер
Өзіңізді жайсыз сезінесіз. Жақындарыңыз материалдық жағдайын айтып, мұңын шағатын болады. Сонымен қатар жағымсыз жаңалықтарымен де бөліседі. Сондықтан бүгін оңаша қалып, демалғаныңыз жөн.
Шаян
Жаңа серіктестер мен көмекшілер табылады. Олар жоғары лауазымды тұлғалар. Жаңа серіктестер тапқаныңызбен, ескі таныстардан байланысыңызды үзбеңіз. Қаржылық жағдайыңыз бір арнаға түсіп, жақсара түседі.
Арыстан
Бүгін босқа шығындалып қалудан сақтаныңыз. Түскі уақыт тым қарбалас болуы мүмкін. Дәл осы уақытта ойланбай іс жасамаңыз. Артық әңгіме айтудан сақтаныңыз. Кешкі уақыт тыныштықта демалуға өте қолайлы.
Бикеш
Сізді ешқандай қиындық та, қорқыныш та және кедергілерде қорқыта алмайды. Мақсатқа жетуге деген талпынысыңызға ешкім кедергі келтіре алмайды. Бүгін сіздің мінезіңіз мінсіз болуы керек.
Таразы
Өзіңізге сенімдісіз, сондықтан бірбеткейлік танытасыз. Мақсатқа жету оңай емес, бірақ табандылық танытар болсаңыз ойыңыздағы орындалады. Есіңізде болсын, бүгін тек өзіңіз сенетін адамдарға ғана сеніңіз.
Сарышаян
Нақты шешім шығара біліңіз. Қарсыластарыңызды жеңіп, сізге жақсылық ойламағандарды шаң қаптырасыз. Кез келген істі оңайлықпен атқарып, алға қойған мақсатқа жету үшін барлығын жасайсыз.
Мерген
Тым белсендісіз. Күніңіз табысты болады, бірақ аздап ішпыстырарлықтай. Жетістікке жету үшін мақсаттарыңызды айқындап алғаныңыз жөн. Жолыңызда кездескен кейбір кедергілеріңізге алаңдамасаңызда болады.
Тауешкі
Жұмысты бар ынтаңызбен істеңіз. Жалпы өмірге деген құштарлығыңызды арттырып, қуана біліңіз. Ұнжұрғаңызды түсіріп, салыңызды суға кетірмеңіз. Белсенді болып, алдағы күндерді жоспарлаңыз.
Суқұйғыш
Бірінен соң бірі қызықты оқиғалар орын алады. Бұл оқиғалар күніңізді мерекеге айналдырып, көңіл-күйіңіз көтеріңікі болады. Өмірдің қуанышты сәттерінен ләззат ала біліңіз. сіз айналаңызға қуаныш сыйлай білесіз.
Балықтар
Өзіңіздің тынбай еңбек етіп жүргеніңізді білесіз. Сондықтан сыйақыдан дәмелі боласыз. Бұл қосымша табыс көп тығырықтан шығаратынына сенесіз. Орын алып жатқан жағдайлардан пайдалы тұсын алып үйреніңіз.