Президенттікке үміткерлер арасында теледебат болады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Абаев осылай деп мәлімдеді, деп жазады Informburo.
Министрдің айтуынша, сайлауға түсетін кандидаттар арасындағы пікірталас отандық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі.
Сайлауалды пікірталастар өткізудің қағидалары өткен жылы бекітілді. Қағидаға сәйкес кандидаттар дебатқа қатысудан бас тарта алады. Жобада үміткерлерді оған қатысуға міндеттеу ұсынылған еді, құжаттың соңғы нұсқасында бұл бөлім жоқ болып шықты.