Білім беру саласының жарты миллиондай қызметкерінің жалақысы өседі
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Осы мақсатқа 2019 жылы республикалық бюджеттен 109 млрд теңге бөлінген, деп жазады Informburo.
БҒМ таратқан мәліметке сүйенсек, жалақысы көтерілетіндердің қатарында еңбек жолын енді бастаған жас мұғалімдер, колледж мұғалімдері, әлеуметтік психологтар, балабақша жетекшілері мен тәрбиешілері, тәрбиешілердің көмекшілері, сонымен қатар қосымша білім беру жүйесінде жұмыс істейтін қызметкерлер бар.
Мысалы, 1-2 жылдық еңбек өтілі бар санаты жоқ қаладағы жоғары білімді мұғалімдердің жалақысы 78 560 теңгеден 95 819 теңгеге өсетін болады. Ауылдағы осындай мұғалімдердікі 95 166 теңгеден 116 740 теңгеге жоғарылайды.
Жоғары санатты, 20-25 жылдың еңбек өтілі бар қаладағы мұғалімдердің айлық ақысы 105 051 теңгеден 118 898 теңгеге дейін өседі. Ауылда 128 280 теңгедей еңбекақы алып жүрген осындай мұғалімдердің жалақысы 145 589 теңгеге жоғарылайды.