Аналар кеңесінің отырысы өтті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Достық үйінде Халықаралық отбасы күніне орай облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті.
Аналар кеңесі отырысының мақсаты отбасы, неке мәртебесін дәріптеу, отбасы құндылықтарын жастар арасында насихаттау болып табылады.
Отырысқа облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктерінің белсенділері, көпбалалы аналар, отбасы, әйелдер мәселелерімен айналысатын ҮЕҰ басшылары қатысты.
Сонымен қатар облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының тәрбие және білім бөлімінің басшысы Әлима Әбдіхалықова, «Ақ босаға» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Меруерт Аңсатова, «Қыз Жібек» қыздар клубының төрайымы Назира Аймаханова қатысып, отбасы мәселесіне қатысты ойларын ортаға салды. Олар отбасы құндылықтарына қатысты ойларымен бөлісіп, тәлім-тәрбиеге қатысты кеңестерін берді.
Отырыс барысында көрермендер тақырыпқа сай бейнероликтер тамашалады.