Мобильді азаматтар базасына жыл басынан бері 1 млн адам тіркелді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2019 жылдың алғашқы төрт айында 1,1 млн аса азаматты мобильді азаматтар базасына тіркеді. Осылайша аталмыш базаға тіркелген қазақстандықтардың саны 6,8 миллионға жуықтап отыр. Бұл туралы корпорацияның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандықтар мобильді азаматтар базасының тізімінде тіркелген/тіркелмегенін egov.kz порталы арқылы тексере алады.