Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 16 мамырға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бүгін орын алатын оқиғалардың барлығы алдағы күндеріңізге зор әсер етуі мүмкін. Сондықтан бүгін барлық іс-әрекетіңізге абай болыңыз. Сонымен қатар шешім шығарарда да көп ойланғаныңыз жөн. Жоспарларыңыз бен мақсаттарыңыз өзгеруі мүмкін.
Торпақ
Мойныңызға көп жүк артудан сақтаныңыз. Денеңізге күш түсіретін жұмыспен айналыспаңыз. Оқуда жетістікке жетуге болады. Жұмыс жасайтын жандар да бүгін айтарлықтай табысқа қол жеткізеді. Айналаңыздағылардың барлығына бірдей сене бермеңіз.
Егіздер
Бүгінгі күн ғашық жандар үшін өте сәтті күн деп айтуға болады. Романтикалық кеш ұйымдастыруға болады. Сіздер бір-бірлеріңізді түсініп, әңгімелеріңіз жарасатын болады. Жалпы бүгінгі күн бұл белгідегі жандар үшін сәтті күн болмақ. Барлық ісі өз ойларындағыдай жүзеге асып жатады.
Шаян
Қуанышқа толы күн. Соңғы уақытта сағынып жүрген адамыңызбен жолығып, уақытты көңілді өткізесіз. Сонымен қатар алыс жолға шығуыңыз да мүмкін. бұл жол сапар ерекше есте қалатын болады. Осыдан кейін бойыңызда сіз білмейтін таланттың барын байқайсыз.
Арыстан
Мазасыз және қарбаласқа толы күн. Барлығы сіз ойлағандай болмайды. Сондықтан сіз аздап қобалжып, көңіл-күйіңіз түседі. Табандылық танытыңыз. Сонда ғана өз дегеніңізге жетесіз. Сабырлылық пен табандылық өз жемісін беретін болады.
Бикеш
Қиындықтан қашып құтылу мүмкін емес. Барлығы сіз жоспарлағандай болмаса, аздап көңіл-күйіңіз түсуі мүмкін. Бірақ соңынан мұның да өз пайдасы ябар екенін аңғаратын боласыз. Жалпы, сіз жолы болғыш адамсыз. Қолыңыздағы қаражатыңызға абай болыңыз. Көп шығындануға жол бермеңіз.
Таразы
Адамдармен тіл табысу қиынға түседі. Тіпті бұрын қарым-қатынасыңыз жақсы болған жандармен де сөзге келесіз. Болмашыға бола ұрыс-керіс туындайды. Өз тарапыңыздан мәдениеттілік сақтауға тырысасыз. Алайда алдыңыздағы адам кейде жай сөзге де түсінбеуі мүмкін.
Сарышаян
Жанға жайлы күн. Бірінен соң бірі қызықты мүмкіндіктер туындайды. Ал сіз оның бірде бірін жіберіп алмайсыз. Кездесулер ұйымдастыруға қолайлы күн. Жаңа таныстарға ұнайсыз. Іскерлік қарым-қатынас кейін достыққа немесе махаббатқа ұласуы мүмкін.
Мерген
Аңғарымпаз болыңыз. Сонда ғана күніңіз жақсы өтеді. Бүгінгі күн шығармашылығыңызды шыңдауға және шешім шығаруға қолайлы күн. Тек өзіңізге ұнайтын адамдармен араласыңыз. Аса ұнатпайтын жандармен қарым-қатынас орнату сіздің сабырыңызды қашырады.
Тауешкі
Жаңа бастама көтересіз. Бұл ісіңіз кез келген қиын шаруаның өзін атқаруға күш береді. Қиындықтардан қорықпайсыз, кедергілерге мән бермейсіз, жалпы ештеңеге алаңдамай тек мақсатыңызға бет аласыз. Жұмыста аздаған қиындықтар туынчдауы мүмкін. Алайда сіз бастаған ісіңізді орта жолдан тастамайсыз.
Суқұйғыш
Кикілжіңдерден қашу мүмкін емес. Бірақ түбінде сіз жеңіп шығасыз. Сіздің дұрыстығыңызға күмән келтіретіндер сан соғып қалады. Аз уақыттан соң олар сөзіңіздің растығына көз жеткізетін болады. Қаржылық жағдайыңызды жақсартасыз.
Балықтар
Бүгінгі күніңіз сәтті, әрі жайлы болмақ. Барлық ісіңіз оңай атқарылып жатады. Басқа уақыттарда бас қатыруға тура келетін мәселелерді бүгін оңай шеше аласыз. Ол үшін өмірлік тәжірибеңіз бен кәсіби біліктілігіңіз қажет. Айналаңыздағылардың ақыл-кеңесін қажет етпейсіз. Сонда да тыңдауға тура келеді.