Бірқатар өңірде күшті жел соғады, шығыста түнде үсік жүреді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Бейсенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
16 мамырда күндіз Түркістан облысының тауында найзағай жарқылдап, кей жерлерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.
16 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде шығыстан жел соғады 15-20 м/с күтіледі.
16 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі.
Бейсенбіде Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с болады.
16-18 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысында 3-8 градус үсік жүреді.
Бейсенбіде Өскемен қаласында түнде 3-5 градус үсік сақталады.
Сол күні Семей қаласында түнде 3-5 градус үсік болады.