Туған жерге туыңды тік
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданының тумасы, филология ғылымдарының кандидаты Бауыржан Иманғалиев Мәдениет ауылы І.Қабылов атындағы №32 мектеп-лицейдің ұжымымен кездесті.
Кездесу жас ұстаздар мен оқушылардың арнайы дайындаған концерттік бағдарламасымен басталды. Сөз кезегінде Бауыржан Сәбитұлы туған жердің қаншалықты ыстық екенін, әрбір білім аламын деген жас болса қолдауға дайын екенін айтып, қатысушылармен еркін сұxбат жүргізді.
Жиын барысында Бауыржан Иманғалиевтің арнайы үздік оқушыларға яғни пәндік олимпиада, ғылыми жоба, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, жүлдегер атанған 6 оқушыға шәкіртақысы табысталды.
Сонымен қатар жүргеновтанушы-ғалым Бауыржан Сәбитұлы, Темірбек Жүргенов туралы зерттеулер жазылған жинағын мектеп кітапxанасына тапсырды.