Бұршақ, дауыл, екпінді жел – Сәрсенбіге ауа райы болжамы
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 15 мамыр күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, кей жерлерде жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, солтүстікте жене онтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғады. Оңтүстікте - шаңды дауыл, солтүстікте және солтүстік-батыста тұман болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болжанады, түнде жел күшейеді, күндіз оның екпіні 15-20 м/с артады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Павлодар, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады.
Маңғыстау облысында дауыл, Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Ақмола облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.
Қызылорда облысында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.