Кіші Аралдан айырылып қалуымыз мүмкін – Қасым-Жомарт Тоқаев
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы өңір жұртшылығымен де жүздесті. Мұнда Қасым-Жомарт Тоқаев аймақта алдағы уақытта атқарылатын бірқатар іргелі жобаға тоқталды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Кіші Арал жайын да сөз етті. Аймақ тізгінін ұстағандар бұл мәселеге бей-жай қарамауы керек.
«Халық Арал тағдырына алаңдайды. Елбасының бастамасы бойынша Сырдария арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу жобасы іске асырылуда. Осы жобаның аясында салынған Көкарал бөгетінің арқасында Кіші Аралдағы су қалпына келді. Бұл балық шаруашылығын жандандыруға септігін тигізді. Мұнда балық өнімдерін дайындайтын 8 зауыт жұмыс істеп тұр. Балық экспорты 10 есеге өсті. Экологиялық мәселелер мұнымен шектелмейді. Көкарал бөгетінің төменгі жағын Сырдария ағыны бұзып жатыр. Дереу қолға алмасақ, Кіші Аралдан да айырылып қалуымыз мүмкін», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.