Қызылорда облысындағы 123 ауылда кене ошағы анықталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жыл басынан бері жүзден астам адамды кене шаққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қатысты залалсыздандыру жұмыстары облыс бойынша дер уақытында басталды. Қажетті құрал-жабдықтар толықтай жеткілікті. Бұл жұмыстар оңтүстік аудандарда Жаңақорған мен Шиелі, сонымен қатар Қызылорда қаласында аяқталды. Соған сәйкес тиімділіктері анықталуда. Ал солтүстік аудандарда бұл жұмыстар әлі де жүргізілуде», - дейді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының бөлім басшысы Ақайша Сматова.