Қызылорданың ауыл шаруашылық техникалары біршама жаңарған
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан көрсетілген қомақты қолдаулардың арқасында, облысымыздың машина трактор паркі айтарлықтай жаңарды.

Биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолындағы 1721 трактор, 449 соқа, 219 тұқым сепкіш, 342 автомашина және 830 трактор тіркеме толығымен жөндеуден өткізіліп, көктемгі дала жұмыстарына қатысуда.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы ауылшаруашылық құрылымдарымен «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы 3 млрд теңгеге 70 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке алу жоспарланып, бүгінгі күнге барлығы 28,3 млн теңгеге 5 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.