Мамыр айына арналған жұлдыз жорамал
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Мамыр айында не болады? Қандай қуаныш, қандай жаңалық бар? Жоспарлаған дүниемді іске асыра аламын ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Басты назарда нені ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің 01- 31 мамырға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқтылар алдағы кезең қиын, қобалжуы көп, тіпті біраз ыңғайсыз деп есептейді. Тіпті қиындық пен қуаныш қатар жүрсе де, бұл үй шаруашылығының тақырыбы болса да күрделі көріністер мен күрделі таңдаудан құтыла алмайсыз. Мамыр айында сіз айналаңыздағы жағымсыз адамдардың ауыртпалығынан құтыласыз. Тәуелсіздік бар, өздігіңізбен әрекет жасайсыз. Бірақ жауапкершілік те сізден бір қадам қалмайды. Бұл ай әсіресе физикалық күш салу, өмір салтын қайта қарау тұрғысынан маңызды. Денсаулықты түзеу бірінші кезекте. Сіз материалдық және рухани жағынан теңгерімді сақтауыңыз керек. Көп шығын шығармаңыз. Оны ойластырып жасаңыз. Есеппен жүріңіз. Ол адамдармен қарым-қатынаста маңызды болмақ. Жұмыста ұйымшылдық талап етіледі. Бұл ақпаратты толықтыру және білім саласындағы жаңа тәжірибе жинақтау үшін жақсы кезең. Сезімталдық биік дәрежеде. Бақытқа бөленіп, өміріңіз үйлесім табады бұл айда.
Торпақтар ескі дау-жанжалдан туындаған қайшылықты жоюға тырысады. Агрессиялық сипаттағы ұрсыстың өршуіне жол бермеуге тырысады - бұл жақын туыс арасындағы негізгі міндет. Өмір сүру үшін пайдалы болуы мүмкін әрекеттерді барынша жүріп-тұрып, көп шаруа тындыруға тура келеді. Сіздің қалауыңызбен және белсенді қатысумен көп нәрсе өзгеруі мүмкін. Билік өкілдерімен немесе белгілі бір адамдар тобында айтарлықтай салмаққа ие боласыз, адамдармен ортақ тіл табасыз. Сыртқы келбетіңізде өзгерістер болуы мүмкін. Және бұны басқалар да байқайды. Жаңа әдеттерге ие боласыз. Кейбір міндеттемелер сіздің рухани өсуіңіздің бір бөлігі бола бастайды. Көңіл-күйді көтеретін жағдайлар көп болмақ. Өміріңіз оқиғалар мен жаңалықтарға толы болады. Қонақтармен кездесесіз. Кейбірі маңызды зат сатып алады. Басқалары жылжымайтын мүліктің, мұра тақырыбына алаңдаулы болады. Қаржылық қатынаста қандай да бір шиеленіс болуы мүмкін.
Егіздер басқа біреудің қызығушылығына және бай досының оқиғаларына ықпалын тигізеді. Басқалардың бастамасын күту бекер болмайды. Ұсынысты қабылдап немесе қабылдамауыңыз керек, оған бір мезгілде пайда мен қауіп болуы мүмкін. Дегенмен өзіңіз үшін жақсы таңдауды басқа біреудің қолымен жүзеге асырасыз. Кәсіби қызметте жетістік болуы мүмкін. Кішігірім, бірақ әлі де айқын мансаптық өсу, еңбек жағдайларын жақсарту күтілуде. Көптеген адамдар мамыр айына саяхатқа шығып, тұрғылықты мекен-жайын өзгерте алады. Қозғалыс немесе ұзақ сапар тақырыбы тбелсенді талқыланады. Өмір айналаңызда қайнап тұрады. Пайдалы серіктеспен қызықты танысу және ұзақ мерзімді қарым-қатынас болады. Алдағы бірнеше жылға жақсы материалдық жағдайдың негізі қаланады. Көптеген іскерлік және жеке қарым-қатынас болады. Бойдақ егіздер жеке өмірде үлкен өзгерістерге тап болады.
Шаяндар өзгенің ықпалына түспейді және ешкімге сенбейді. Сіздің есепшілдігіңіз бәрін алдын ала болжап істеуге септігін тигізеді. Сіз жылдам қимылдап, тез жүресіз. Сондықтан сізді жеңілтек деп ойлап, қателеседі жұрт. Бірақ өзгелер құр алақан қалғанда, сіз кез келген жағдайда пайда тек сіздің уысыңызда қалады. Бүгінгі өмірде өзгерту, түзету, ұйымдастыру және жабдықтау шаруалары көп. Бұл көбінесе тұрмыстық деңгейде, жөндеу немесе құрылыс жұмыстарын ұйымдастыруда болуы мүмкін. Бірақ көбісіне бұл жағдай кәсіби қызметінде, әріптестерімен және басшыларымен қарым-қатынаста маңызды болады. Жеке тұлғалар, жоғары лауазымды тұлғалар компаниясында демалыс болуы мүмкін. Арнайы рәсімдерге байланысты маңызды оқиғаға қатысасыз. Мамырда сіз белгілі бір әлеуметтік статусқа, жаңа мәртебеге ие боласыз. Сыйлық, жүлде, атақ алуға болады. Кейбіреулер конкурстарға, жарыстарға қатысады. Қаржы жағы жақсарады, бірақ шығын да көп. Ал жеке өміріңізде дүниеде көрмеген бақытқа кенелесіз.
Арыстандар білімді беделді адамдардың көмегіне мұқтаж болады. Өзіңіздің беделіңізді және тұтастай алғанда өміріңізге қатты әсер еткен соңғы өткен оқиғаларды назардан тыс қалдырмауға тырысып, жағдайды үнемі бақылап отырасыз. Іс-қимыл жақсы жоспарланған. Тек мүдделі серіктестерімізбен бірге жоспарларымызды орындауыңыз керек. Көп нәрсені өзіңіздің жеке сүйкімділік пен басқа адамдарға тартымды бола алатындығыңыздың арқасында жүзеге асырасыз. Мүддесіз әрекеттер жасауға қабілеттісіз, бірақ егер ол сізге пайдалы болса ғана. Мамырда жақын досыңызбен сапар күтілуде. Қаржылық мәселе бойынша табысты шешім бар. Егер сіз сату тақырыбымен айналысатын болсаңыз, онда тапсырманы орындай аласыз. Біртіндеп шулы компаниядан құтыласыз. Жақын адамдарыңыздың айналасында, әдеттегі жайлылықта тыныштықта болғанды қалайсыз. Сыртқы және ішкі тәртіптің сұлулығы мен үйлесіміне назар аударасыз. Іске асырылмайтын нәрсе туралы аздап қайғырасыз, өйткені сізге ақылды дос қажет. Ақылды және дана ...
Бикештер өзіңізге мезгіл-мезгіл өмірден артта қалып бара жатқан жоқпын ба деп сұрақ қоясыз. Заманға сай келе жатырмын ба? Оқиғалар үнемі сіздің кішкентай әлемнен шығуға жетелейді. Осы кезеңде жаңа білім алуға, жаңа қызмет түрлерін игеруге болады. Кәсіби салада өсу күтіледі, материалдық жетілдірулер күтілуде. Бірақ сіздерге тәуелді адамдармен қарым-қатынас пен пікірі сізге маңызды болуы мүмкін әадамдармен қатынас бұзыла береді. Сіз тым сыни көзқарастасыз. Әр нәрсенің мәніне үңілгіңіз келмейді. Көп ренжисіз, шыдамсыздық танытасыз. Бұл достықты нығайтудың уақыты емес. Тәуелсіз қызметпен айналыссаңыз жақсы болады. Жалғыз өмір сүрсеңіз, барлығы н қалпына келтіре аласыз. Бұл кезеңдегі сапарлар сіз күткендей емес, сәтсіз болуы мүмкін. Жоспардан тыс шығындар көп болмақ. Дене белсенділігі, сыртқы келбетті өзгерту, артық салмақтан арылатын кезең туды. Суық тиіп қалмасын, өйткені тап қазір иммунитетіңіз әлсіз. Жылы киініп жүріңіз. Жеке өміріңізде сенің сезім тым шектелген. Досыңыз сіздің сезіміңізге зәру.
Таразылар әрекеттер ауқымына зер салыңыз. Ақыр соңында сіз өзіңізді елестетіп, еркіндік пен тәуелсіздікті толық сезінесіз. Мұның бәрі айқын болады – ол сіздің алдыңызда. Батыл қадам жасаңыз. Ұзақ уақытқа созылған күрделі мәселелер бойынша жаңа шешім қабылданады. Мүдделі серіктестермен дұрыс бағытта келіссөздер жүргізе алатын боласыз. Кәсіби қызметте көптеген пайдалы ұсыныстар болады. Және таңдау әрдайым сізге ұсынылады. Қаржылық қиындықтардан аулақ бола аласыз, бірақ ақша мәселесі үнемі бақылауда болмақ. Туыстарымен және әріптестерімен қарым-қатынаста маңызды өзгерістер бар. Бірге тұрып жатқандардың саны өзгереді. Біреуді шығарып саласыз. Осы кезеңде сапарға шығу міндетті болып табылады. Демалыс екінші орынға кетеді. Көбісі маңызды сатып алулар жасайды. Бір ай ішінде тиімді мәмілелер болуы мүмкін. Сезіміңіз белсенділігін арттырады. Сүйесіз және сүйіктісіз – бұл сирек кездесетін құбылыс.
Сарышаяндар әрдайым екінші орынға қойылып келген істерін қолға алады. Тіпті кейбір тынышталып, жаймашуақ күйге енесіз, өйткені бәрі жоспарлы түрде іске асады. Әрбір кішкене нәрсені бақыламай-ақ өз күшіңіздің жемісін жинай аласыз. Бұл сіздің ішкі ресурстарыңыздың және басқа адамдардың бастамаларының кезеңі. Мүмкіндіктің көптеген аспектілерінің үлкен өзгерістері, бұрылыстар мен жаңартудың басталуына байланысты өмір қозғалысының жаңа циклы ашылады. Бұл әсіресе жеке өмірге қатысты. Көбісі өмір сүру салтын өзгертеді. Кәсіби қызметінің кейбір перспективалары ашылады. Кейбіреуге жаңа кәсіп ұсынылады, қызметтің жаңа түрі мен қоршаған ортаны толықтай өзгерту болады. Ересек сарышаяндар көшуі мүмкін. Өзгелерге бұл жағдай жолға немесе сапарға дайындықпен шектеледі. Қаржылық жағдай сіздің бұрынғы күш-жігеріңізбен айтарлықтай жақсарады. Достарымен кездесу, жақсы таныстар шеңберіндегі қарым-қатынас жақсы көңіл-күйге кепілдік береді.
Мергендер бұрын басынан өткен оқиғаларды қазіргі жағдайға өлшеп қарайды. Өзіңізге риза бола аласыз, ортаңызға, қолда барына. Жұлдыздар өзгені сынауды қою керек деп кеңес береді. Сіздің ұстанымыңыз тұрақты және табысқа жетуді талап етеді. Тәжірибеңіз сізді әлсіздік танытудан сақтайды. Ол кейбір пайда көретін күмәнді мүдделерден қорғауға қабілетті. Материалдық аспект толық бақылауда. Мамыр айында сіз балалық шақтан естеліктердің әсерін сезінесіз, туыстарыңыз бен жақындарыңыздың іс-әрекеттерімен байланысты ұзақ уақыттағы оқиғаларды ойлап толғанасыз. Атаулы күндер мен жиындарға қатысты кейбір жерлерге барасыз. Сонымен қатар туыстарыңыздың біреуін сапарға аттандырасыз. Кәсіптік іс-әрекеттердің қуанышы аз. Шаршайсыз, шалдығасыз. Шығармашылықта біраз тоқыраушылық бар. Демалыс қажет. Бірақ тұрмыстық мәселелер құлшынысты қажет етеді. Кішігірім жөндеу, бөлмені немесе жұмыс орнын ұйымдастыру қарастырылған. Жеке өмірде естеліктер қарым-қатынастың шындыққа үстемдік құрады.
Тауешкілер оқиғаларға, өзгелердің әрекеттеріне ықпалын жүргізеді. Сізде қасақана ұрындыру мен ішкі күш белсенділік танытады. Эмоциялық көрініс әр түрлі жағдайларда үнемі көрініп тұрады. Мамыр айында көптеген кездесулер, әңгімелер және түрлі адамдармен сөйлесу күтілуде. Бірақ ол шын жүректен немесе өзімшіл қызығушылық танытатын адамдармен болады. Өзіңіз туралы жақсы әсер қалдыруыңыз қажет болса, оны оңай жүзеге асырасыз. Ал сізді толғандырмайтын адамдармен дөрекі боласыз. Сезімге қатысты және қаржыға қатысты мәселелер қатарынан жүріп отырады. Жағдайды реттеуге мүмкіндік азырақ. Сонымен қатар, материалдық аспект де жақсарады. Сіздің бұрынғы күш-жігеріңіз бекер болмады. Даулы сипаттағы маңызды құжатты қолға түсіресіз. Қарсы тараппен қиын мәселені шешуге тура келеді. Дегенмен, барлық қиын сәттерді біраз уақытқа кейін қалдырып шешесіз. Сапар, жұмыс жағдайын өзгертілуі мүмкін. Өзіңізді жаңа жағдайда табасыз. Жаңа міндеттер пайда болады. Құпияларды жасырын сақтаңыз, ешкімге тіс жармаңыз. Әйтпесе, екіұшты жағдайға тап боласыз.
Суқұйғыштар өздеріне кейінге қалдыра алмайтын әрекеттер жүйесін анықтайды. Мақсатты іздестіру, белгілі бір мүдделерді ұйымдастыру және оған басқа адамдардың бастамасына басымдық беріледі. Бұрынғы жұмыс тәжірибесіне немесе тренингке байланысты белгілі бір іс-әрекеттерге қаржылай қызығушылық танытасыз. Әріптестеріңіз немесе уақытша одақтастарыңызбен бірлесіп саяхат күтілуде. Онда жұмыс бабы туралы мәселе қозғалады. Жоспарларыңыздың ауқымы маңызды болады. Мамыр айында белгілі бір шығармашылық бағыттың перспективасы анықталып, алдағы бірнеше айда айқындалады. Өз міндеттеріңізді басқаға жүктемеңіз, сонда көп нәрсеге қол жеткізе аласыз. Адалдық, шынайылық және күш-жігер қажет етіледі. Табыс тек ақшалай мәселелерде ғана емес, моральдық жағынан да жауапкершілікті сезінгендерге келеді. Жеке өмірде жаңашылдық бар. Тағдыр сізді батыл ұсынысын жасайды. Ал, өмір қызығына сүңгіп кетуге дайынсыз ба?
Балықтар соңғы уақытта бітісіп кеткен мәселеден ауытқиды. Кешегі болған жағдайды қазір бақылаудың қажеті шамалы. Бұны өткен парақша деп жабыңыз да, ілгері жылжыңыз. Оның уақыты келді. Сіз жаңа қиындықтармен, жаңа перспективалармен бетпе-бет келесіз. Өз әрекеттеріңізді өзгертуге ұмтылыңыз, жаңа өмірге бет алып барасыз. Егер жолға шығуды жоспарласаңыз, батыл кірісіңіз. Бұл жағдайда қызықты кездесулер, жаңа таныстар, өте пайдалы ұсыныстар мен өмірдің жағдайын өзгерту үшін үлкен мүмкіндіктер күтілуде. Қызметте өзгерістер болады, ол жұмысыңызды жеңілдетіп, оны пайдалы қылады. Туыстарыңыздың біреуімен қарым-қатынас жақсарады. Мүмкін, достық негізде жақындасу, сенімділік пен өзара түсіністік болады. Білімге, белгілі бір мағынада тура ақпаратқа, отбасылық байланыстарға, балалық шақтағы естеліктерге және бақыт туралы түсінікке қызығушылық танытатын боласыз. Әрқашан қозғалыста, туысқандарыңыз бен достарыңыздың арасында болсаңыз да, өзіңізді жабық ұстайсыз. Сіз жұмбақ жансыз.