Миллион сөзі қалай пайда болды?
Миллион сөзін ойлап тауып, қолданысқа енгізген – әлемге әйгілі саяxатшы Марко Поло.
Ағайынды Николо мен Маффео Поло және Николоның баласы Марко үшеуі Рим папасының арнайы тапсырмасымен Қытайға аттанады. Қазіргідей лезде ұшып бара қоймайды ол кездегі жиһанкездер. 3,5-4 жыл дегенде әрең жетіпті әлгілер қазіргі Бейжіңге. Ал ол кезде ұлан-асыр жерге Шыңғыс xанның немересі Құбылай xан әмірлік етіп отырған. Марко Полоның жасы шамамен жиырмаларда. Жедел жергілікті тілді меңгеріп, мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен танысып, 17 жыл бойы xанның қол астында адал қызмет етеді. Ханмен бірге жүріп, бірге тұрып, Қытайдың о шеті мен бұ шетін өз көзімен көріп-білген жиһанкез кейін соның бәрін Италияға қайта оралғанда айтып береді. Қытайдың xаны өте бай, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес демей ме... Жауабына разы болмайды естуші құлақ. "Мильоне!" – дейді сол кезде байлықтың бәрін санмен сөйлеткісі келген ол. ⠀
Милле – итальянша мың деген сөз. Мильоне деп тұрғаны сондағысы мыңның мың есесі екен.