Мектеп оқулықтарындағы олқылықтар: Велосипедші мен шаңғышы ұша ма?
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бақытбек Смағұл мектеп оқулықтарында кеткен кемшіліктерді сынға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Мысалы, «шаңғышы мен велосипедшінің ұшу жылдамдығы анықта» делінген. Мына кітап қолда тұр. Енді о заман да бұ заман велосипедші мен шаңғышының ұшқанын көрген жоқпыз. 125-беттегі суреттің астында «Асфендияров Санжар Жапарұұ» деп жазылған, дұрысы – Асфендияров Санжар Жапарұлы. 135-бет 5-тапсырмада Дори, Нори, Ори деген қазаққа жат есімдермен мысалдар келтірген. Жаттығуға мысал болатын қазақтың аты жоқ па? 7-тапсырмада «вид транспорта» деген артық сөз жүр», Әдебиеттік оқу кітабы, 4 сынып. Кейбір тапсырмаларында YouTube-тен мультфильм көруге тапсырма берілген. 20-бетте. Оқушылар осы сайттан пайдасыз, зиянды ақпараттар алуы мүмкін емес пе?», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл.