Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қызылордалықтар 4,5 млрд. теңге аударды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша биылғы сәуір айында Медициналық сақтандыру қорына аударылған жарна мөлшері 284,4 млн. теңгеге жетті, - деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Руслан Бектібаев.
2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 30 сәуіріне дейінгі аралықта Қорға 4,5 млрд. теңге түсті. Аударымдарды жүйе іске қосылған алғашқы жарты жылда өзі үшін жарна төлеуге міндеттелген жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалар, сондай-ақ жұмыс берушілер аударған.
Атап айтқанда, жинақталған қаражаттың 95,5 % немесе 4,3 млрд. теңгесі жұмыс берушілерге, 4,5 % немесе 159,5 млрд. теңге – жеке кәсіпкерлер мен АҚК негізінде еңбек ететін санатқа тиесілі.
Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және 2020 жылдан бастап МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерік басқару туралы келісімшарт бекітілген.