Қызылордада аса ірі мөлшерде ұрлық жасаған әйел қолға түсті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Өткен жылдың тамыз айында Қызылорда қаласы тұрғынының сөмкесінен 13 500 АҚШ доллары көлемінде ірі мөлшерде ақша ұрлаған әйел қолға түсті. Ол жәбірленушіге 4 906 305 теңге шығын келтірілген.

Күдіктінің қылмыстық ісі сотқа жолданды. Сот үкімімен айыпталушыға 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар сот жәбірленушіге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді.