Қызылорда облысындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 2019 жылғы сәуірде күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 25743 теңгені құрады.
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2019 жылғы сәуірде өткен аймен салыстырғанда 1,3%-ға жоғарылады.
Оның құрылымында ет және ет өнімдерін сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 18,4%, сүт өнімдері мен жұмыртқаға – 11,2%, жемістер мен көкөністерге – 9,4%, нан және жарма өнімдеріне – 7,5%, май және тоң май өнімдеріне – 4,1%, қант, шай және дәмдеуіштерге – 2,4%, балыққа – 2%-ды құрады.