Шиелідегі мемлекеттік мекемелерге «Open space» технологиясы енгізілді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен қолға алынған «OPEN SPACE» технологиясымен жұмыс істейтін мемлекеттік мекемелер ашылды. Яғни мұндағы жұмыскерлер ашық кеңістікте еңбек ететін болады. Дәлірек айтқанда, бұрын мемлекеттік қызметкерлер жабық кабинетте отырса, енді арадағы жұмыс орындарын бір ғана шыны бөліп тұрады.

- «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Шиелі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Шиелі аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Шиелі аудандық ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Ендігі уақытта жоғарыда көрсетілген 6 бөлімнің басшылары ғимараттың бірінші қабатында орналасқан арнайы «OPEN SPACE» технологиясымен кабинетте жеке және заңды тұлғаларға қабылдаулар өткізетін болады.