Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып Ғалымжан Орынов тағайындалды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Салық жүйесінде 1996 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс атқарады, 1996 жылдан 2006 жылға дейін - Қазығұрт ауданы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы, жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, төрағаның орынбасары; 2006 жылдан 2007 жылға дейін - Сарыағаш ауданы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, 2007 жылдан 2011 жылға дейін- Кентау қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасы; 2011 жылдан 2018 жылға дейін-Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, 2018 жылдан бері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ұйымдастыру жұмыстары департаменті Қаржылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы.
2019 жылғы 8 мамырдан бастап Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.