Ауылға көгілдір отын жетті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданына қарасты Бидайкөл ауылының тұрғындарына көгілдір отын берілді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы Бидайкөл ауылында болып газ құбырын іске қосты. Ауылдағы тұрғын үйлерге газ жүргізу жұмысын «Демеу ИК» ЖШС-гі өз қаржысы есебінен жүргізілуде. Бүгінгі күнге 21,0 шақырым көшелер қазылып, құбыр тарту жұмыстары жүргізілді.
Шиелі ауданында осыған дейін Ыбырай Жахаев ауылына көгілдір отын жеткізілді болатын.