Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 13 мамырға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бүгін өте ашулысыз. Жақындарыңызбен, ағайын-туыспен араларыңызда түсініспеушіліктер орын алып, жағдай қиындай түседі. Сіздің жайыңызды тек жақын досыңыз ғана түсіне алады.
Торпақ
Бүгін сіз таныстарыңыздың қатарын көбейтесіз. Бірақ сақ болған жөн. Себебі нақты шешім шағара алмайтындығыңыздан келіспеушіліктер орын алып, соңы қиындыққа әкеп соғады.
Егіздер
Түске дейінгі уақытыңыз көңілді өтеді. Жаңа идеяларыңыз бен жоспарларыңызды жүзеге асыра бастайсыз. Оларды орындау барысында достарыңыз, туыстарыңыз көмек көрсетеді.
Шаян
Жұмыста қиындықтар туындайды. Бірақ жұмыстағы мәселелердің кесірінен үй ішіндегілерге зиян тигізбеңіз. Негізі уақытша орын алып жатқан қиындықтарға көңіл бөлмегеніңіз дұрыс.
Арыстан
Жұмысқа қатысты нақты шешім шығара біліңіз. Берілген тапсырмаларды уақытында орындап, жұмысты дер кезінде бітіріңіз. Әйтпесе, басшылықпен немесе әріптестеріңізбен араларыңызда келіспеушіліктер орын алады.
Бикеш
Бүгін барлығы сізге қарсы. Тек жақын досыңыз ғана сізді түсінетін болады. Бірақ қатты қайғырудың қажеті жоқ. Барлығы сіз ойлағандай қиын емес. Егер оңаша қалуға мүмкіндік туса, жалғыш қалып барлығын ой елегінен өткізіңіз.
Таразы
Бүгін жалған ақпаратқа сеніп қаласыз. Не болмаса жағымсыз хабар аласыз. Жұмыста қателік бой алдыру, материалдық жағдайыңызға әсер ететінін ұмытпаңыз. Уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз.
Сарышаян
Түске дейінгі уақытта ешкімге сенбей, аздап ашуланасыз. Серіктестермен байланысыңыз қиындай түседі. Әр басқан қадамыңызды мұқият бақылап, ақылмен шешім шығара біліңіз.
Мерген
Жеке өміріңізде аздаған қиындықтар орын алады. Сондай-ақ жұмыста да жағдай мәз емес. Сізге қарсы адамдар сыртыңыздан түрлі әңгімелер айтып, басшылық тарапынан сөгіс алуыңыз мүмкін. Сақ болыңыз.
Тауешкі
Бүгін барлық адам сізге қарсы тұрғандай көрінеді. Бірақ жағдайдың соншалықты қиын емес екенін түсініңіз. Мұның барлығы өзіңіздің ғана ойыңыз екенін ұғыңыз. Оңаша қалуға мүмкіндік болса, жалғыз отырып ойланыңыз.
Суқұйғыш
Жұрт сізді жаңа қырыңыздан тани бастайды. Өміріңізде өзгерістер орын алады. Жұмыс орнын немесе баспана ауыстырасыз. Не болмаса шаңырақ көтеруіңіз мүмкін. Жұмысыңызды жандандыруға көмек көрсететіндер табылады.
Балықтар
Күніңіз әртүрлі оқиғаларға толы болады. Бір жұмыста соңына дейін атқару сіз үшін қиындық туғызады. Шығармашылғыңызды шыңдауға қолайлы күн. Ескі таныстарыңыздың бірі ренжітуі мүмкін.