Қызылорда облысындағы жәрмеңкеде жалпы құны 20 млн теңгенің өнімі сатылды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Сыр өңірінде жәрмеңке өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Азық-түлік бағасын тұрақтандыруды көздеген шараға Қызылорда қаласына қарасты 9 ауылдық округтен 27 кәсіпкер атсалысты. Тасбөгет кентінің орталық алаңында ұйымдастырылған жәрмеңкеге құны 20 миллион теңге болатын 80 тоннаға жуық өнім шығарылған. Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша ет, сүт, балық, күріш және көкөністер нарық бағасынан 15-20 процентке арзан ұсынылып отыр.
«Картоп, жуа, сәбіз алып жатырмыз. Халық риза. Бағалары тым арзан», - дейді Тасбөгет кентінің тұрғыны Көшей Жәмешов.