8 мамырда елімізде күн райы ашық болады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 8 мамырда елімізде күн райы ашық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек, оңтүстік- батыс аудандар арқылы атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр, найзағай болады.
Еліміздің кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейіп, шаңды дауыл соғуы ықитимал. Қызылорда облысында жел күшейіп, түнде кей жерлерінде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с жетеді, кей жерлерде шаңды дауыл соғады.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.