Қылмыстық іс медиациямен аяқталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Арал аудандық сотында ұрлық жасаған азаматқа қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталды.
Іс құжаттарына сәйкес, айыпталушы Б. автокөлік жөндеу жұмысымен айналысатын А.-ның үйіне көлік жөндеу жұмысына көмектесу үшін барып, түскі уақытта оның үйінде жоқ кезін пайдаланып, сарай ішінде тұрған «Уаз» автокөлігінің бөлшектерін жасырын ұрлаған. Осылайша, айыпталушы 130 000 теңге мүліктік шығын келтірген.
Алайда, сотқа кәсіпқой медиатор Б.Бердалиевпен куәландырылған медиативтік келісім ұсынылған. Медиативтік келісімге сәйкес, жәбірленуші мен сотталушы татуласқан. Шығын қалпына келтіріліп, жәбірленуші айыпталушыға ешқандай талап қоймады.
Осының негізінде сотталушы Б. қылмыстық кодексінің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сай, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, ісі өндірістен тоқтатылды.