Латын әліпбиі - рухани жаңғырудың темірқазығы
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазалы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын ұғындыру, латын әліпбиін үйренудің алғышарттарын қалыптастыру мақсатында «Латын әліпбиі-рухани жаңғырудың темірқазығы» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинарға аудандағы білім беру ұйымдарының бастауыш сынып және қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері қатысып, №90 мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесімен танысты. Семинардың ашылу салтанаты үш тілде әзірленген бағдарламамен жүргізіліп, қонақтарға Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әзірленген «Тіл.Тарих.Тағылым» тақырыптық көрмесі таныстырылды.
Жиын онан әрі мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарымен жалғасын тапты.