Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 5 мамырға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Бүгін балалардың тәрбиесімен айналысыңыз. Олар сіздің айтқаныңызды екі етпейтін болады. Балаларыңызбен болашақ туралы әңгімелесіп, олардың қандай мамандықты игергісі келетінін сұраңыз.
Торпақ
Күніңізді отбасыңызға арнаңыз. Үй шаруасымен айналысыңыз. Жолдасыңызбен ақылдасып, үй ішіне аздап өзгерістер енгізіңіздер. Отбасыңызбен бақытқа кенелу сіздің қолда екенін ұмытпаңыз.
Егіздер
Бүгін шығындарыңыз көп. Ақшаны көп жұмсап, жарыңызбен араңызда түсініспеушіліктер орын алады. Әлбетте, сіз ашуланып қаласыз. Бірақ ұсақ-түйекке бола көңіл-күйіңізді түсірмеңіз.
Шаян
Бүгін сәттілік серігіңізге айналып, жұмысыңыз алға басады. Достарыңызбен бас қосқанда күтпеген жерден кикілжің туындап қалуы мүмкін. Сондықтан олармен әңгімелесу барысында сақ болғаныңыз жөн. Ашуға тиетін сөз қозғамаңыз.
Арыстан
Бүгін эмоцияға көп берілесіз. Отбасыңызда аздаған қиындықтар орын алады. Мұндай мәселелерді кейінге қалдырмай, дер кезінде шешкен жөн. Материалдық жағдайыңыз қиындай түседі.
Бикеш
Қобалжулы күн. Ұрысқа дайын тұрасыз. Әсіресе, күннің екінші жартысында эмоцияға беріліп, кез келген адаммен кикілжіңге келесіз. Осы мәселелерді болдырмау үшін өзіңізбен өзіңіз болғаныңыз дұрыс.
Таразы
Көп ақша жұмсайсыз. Көбінесе мерекелік кештерге, туған күндерге шығындаласыз. Тәуекелге бел бумаңыз. Алдағы күндеріңізді ойлағаныңыз жөн. Сондықтан қаржы мәселесінде өте мұқият болыңыз.
Сарышаян
Бүгін жай ғана демалыңыз. Жан дүниеңізді байытуға кірісіңіз. Театрға барыңыз, кітап оқыңыз немесе жанға жайлы әуен тыңдаңыз. Кешке қарай уақытыңызды балалармен өткізіп, өзіңіздің бала күніңізді еске түсіріңіз.
Мерген
Бүгін күтпеген жаңалықтар орын алады. Жақын адамыңыздың өмірі үшін алаңдайсыз. Отбасындағы жағдай да алаңдатпай қоймайды. Ал ұрыс-керіске жиі жол беретіндер бұл жолы шектен шығуы мүмкін.
Тауешкі
Бүгін махаббатта да, достықта да жолыңыз болады. Қаржылық жағдайыңыз жақсарып, соның арқасында жұмысыңыз алға басады. Бірақ өткен күндері қиналған сәттеріңізді ұмытпағаныңыз жөн. Көп уақытыңызды отбасыңызға бөліңіз.
Суқұйғыш
Қызықты адамдармен кездесу күтіп тұр. Олармен жақын араласа келіп, жаңа табыс табудың жолын табасыз. Басшы суқұйғыштар қиын жағдайлардан жол тауып, дұрыс шешім шығара біледі.
Балықтар
Сізге бүгін өтірік айтып, алдайтындар көп. Сізді қынжылтатыны алдайтындардың барлығы жақындарыңыздың болуы. Естіген ақпараттарыңызды анықтап алыңыз. Сонымен қатар құжаттарға да сақ болыңыз.