ХИМИЯ ӘЛЕМІ ҒАЖАЙЫПТАРЫМЕН БӨЛІСТІ
Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қаламыздағы ойын-сауық сауда орталығында тәжірибелік алаң ұйымдастырып, тұрғындарға химиялық құрылғылардың сиқырын ашатын химиялық тәжірибелерден таңғажайып шоу өткізді.
Әдемі күртешені дақтардан қалай кетіруге болады және де күйік шалмау үшін қолына не жаққан дұрыс? Осындай кызықты, әрі пайдалы тәжірибелермен НЗМ оқушылары халық көп шоғырланатын «Жібек жолы» ойын-сауық орталығында көпшілікпен бөлісті, деп хабарлайды НЗМ баспасөз хатшысы Елена Рыбина. Мақсат – қоғам арасында химия ғылымына деген қызығушылықты арттыру.
Таңғажайып шоу бағдарламасына үңіліп, пайдалы дүниелерді түртіп алатындар көп болды. Орталыққа келушілер өз жастарына қарамастан химиялық құбылыстардың болу себептері мен химиялық заттарды пайдалану ережелерін, қауіпсіздік шараларын кәсіби және сапалы түрде түсіндіріп жатқан балалардың зерттеулеріне оң бағаларын беріп жатты. Кішісі де үлкені де, барлығы химия әлемімен байланысты түрлі сауалдарға жауап беріп, сыйлықтарын алды.
«Жыл сайын балаларды химия сабағына қызықтыру мақсатында мектебімізде пәндік апталықтар өткізіліп отырады. Биылғы өткен химия апталығында балалар үшін түрлі ойындар, викториналар және конференциялар ұйымдастырылған болатын. Балалар мектеп қабырғасында алған білімдерін бүгін көрсетіп жатыр. Осындай тәжірибелер, алаң ұйымдастырып, халықты жаратылыстану бағытындағы ғылымдардың өзектілігіне назар аудартуды жоспарлайды»,- дейді мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Дариха Мұнарбаева.
Шынар БЕКБАН