Қақпа алдында кездесу

Облыстық ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің дерегінше «Қақпа алдында кездесу» шарасы аясында жаза мерзімінің аяқталуына байланысты сотталғандардың денсаулық жағдайы, білім деңгейі, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерінің болуы, сондай-ақ оған көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін анықтау үшін қажетті мәліметтер, жеке тұлғасын зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Жоба аясында әлеуметтік байланыстарды орнату, кәсіби білім алу, біліктілігін арттыру, жұмыспен қамту, кепілді медициналық көмегін алу, құқықтық көмек, құжаттарын қайта қалпына келтіру бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді. Жоба аясында қажетті ақпараттар алып, сауалдарына жауап алған А.Ә шараны ұйымдастырушы мекеме әкімшілігіне және сала мамандарына алғысын білдіріп, жоба аясында тиісті көмектерге қол жеткізетін болды.