Қызылордада шаңды дауыл тұрады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазгидромет РМК ауа райына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ескерту жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».
4 мамыр күні таңертең және күндіз Қостанай облысында оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде оның екпіні 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында таңертең және күндіз оңтүстіктен жел соғады. Желдің күші секундына 15-20 метр болады. Ертең Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, шығыстан, солтүстік-шығыстан қатты жел соғады.
Жел екпіні түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 25 м/с дейін күшейеді. Осы күні Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл тұрады. Шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Ертең Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан күшті жел соғады. Түнде кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с дейін ұлғаяды.
Петропавл қаласында 4 мамырда оңтүстік-батыстан қатты жел соғады. Түнде жел қарқыны 15-20 м/с, күндіз 15-20, 25 м/с дейін күшейеді.