Тұман, екпінді жел: Жұма күнгі ауа райы болжамы
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 3 мамыр күні Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты жұма жауын-шашынсыз өтеді. Республиканың тек батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс аумақтарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жауын-шашын сақталады. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, дауыл, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз желдің екпіні 23 м/с күшейеді.
Атырау облысының басым бөлігінде шаңды дауыл болжанады, желдің күші күндіз 25 м/с артады.
Ақтөбе облысында түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз жекелеген аумақтарда шаңды дауыл күтіледі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл тұруы мүмкін.
Қарағанды облысының кей жерлерін тұман басып, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.
Қостанай облысында түнде және таңертең жекелеген аумақтарда тұман болжанады, күндіз желдің күші 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.