Қызылордада ер балаларға арналған медресе ашылады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Жыл соңына дейін Сыр өңірінде жаңа медресе бой көтермек. Бұл туралы Ақмешіт-Сырдария мешітінің Бас имамы Болатбек Әбуов Өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистермен өткен кездесу барысында айтты.
"Қызылорда қаласында 50 бала жататын медресе ашу жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде ер балаларға қабылданатын болады, кейін қыз балаларға арналған медресе ашылады. Қазіргі таңда орталықта орналасқан ғимарат жалға алынып, онда жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Жоспар бойынша маусым айында жазғы балалар лагері ретінде ашылып, тамыздан медресе өз жұмысын бастайды. Жаңадан бой көтерген діни сауат ашу ордасына тұрмыстық жағдайы төмен, діни сауатын арттыруға ниет білдірген балалар қабылданады. Осындай оқу орнының басты мақсаты - болашақта Отанға, елге қызмет ететін жастарды тәрбиелеу», - деді Болатбек қажы Ұласқанұлы.
Биыл Қасиетті Рамазан айы мамырдың 6 жұлдызында кіреді. Бас муфтияттың ғалымдар кеңесінің осындай шешім шығарды. Аталған мереке қарсаңында облыстық деңгейде түрлі қайырымдылық шараларымен бірге танымдақ сайыстар өткізілетін болады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің Бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы мәлімдеді.
Бас имам Болатбек Әбуовтың айтуынша Рамазан айында өткізілетін шаралардың ең негізгісі «Сыр жастары жарысады» атты сайысы. Байқау шарты бойынша қатысушылар қаражатсыз көмек жасап немес қайырмыдлық жасап сол туралы бейнеролик түсіруі керек. Ең үздік деп танылған бейнеролик иесіне Умра қажылығына жолдама табысталады.
Сонымен қатар, жыл сайын өтетін «Үздік имам» байқауы биыл да жалғасын табады. Шара ережесіне сәйкес құран-қатымды жатқа білетін ауыл-аймақтағы имамдар қатыса алады. Жарыс жеңімпазы 5 парыздың бірі саналған қажылыққа бару мүмкіндігіне ие болады.
Комментарии 1