ДӘРІС ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ ҚЫЗМЕТІН ТҮСІНДІРУГЕ БАҒЫТТАЛДЫ
Қорқыт ата атындағы ҚМУ экономикалық теория және мемлекеттік басқару кафедрасының студенттеріне Қызылорда облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері «Мың» есікті бір терезеге ауыстырамыз» тақырыбында дәріс өткізді. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлайды.
Дәріс барысында халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары М.Т.Арапов электронды үкімет құру ісі билік органдарының жұмысын анағұрлым тиімді, азаматтарға қолжетімді ету үшін қажет екендігін атап өтті.
Сонымен бірге, психолог И.Р. Ертанова, инспекторлар Т.С.Сағындықова, А. Г.Мукейденов электрондық қызметтерді пайдалану жолдары, пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасы, электрондық цифрлық қолтаңбаны алу жолдары жайлы жан-жақты мағлұмат берді. Дәріс тақырыбы бойынша студенттер орталық қызметкерлеріне түрлі сауалдар қойып, пікір алмасты.